1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысы тағы 50 % өсті.

Бүгінгі таңда, Мемлекеттік корпорацияда 22 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Әрбір қызметкердің атқарып жатқан жұмыстары маңызды және баға жетпес деп санаймын.

Аймақтық филиалдардағы ұжымның жалақысын көтеру үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл істе Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Цифрлық даму министрлігінің қолдауына алғыс айтқым келеді.

Қызметкерлердің жалақысы осымен үшінші рет көтеріліп отыр. 2021 жылғы өсімді есепке алғанда, жалақының жалпы өсімі 100 пайыздан астам мөлшерді құрады.

Басты мақсатымыз қызметкерлерді жайлы жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету болғандықтан, оны жүзеге асыру аясында бірқатар шаралар жоспарланды. Бүгінде бірқатар корпоративтік функцияларды қайта құрылымдау мен орталықсыздандыру өтіп жатыр. Бұл денегеніміз филиал қызметкерлеріне сыйақы беруде оңды ықпалын тигізбек.

Сондай-ақ, былтыр біз Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске асырған болатынбыз. Бүгінде қызметкерлеріміз бұл бағдарлама арқасында төмен пайызды несие мен тұрғынүй алуда.

Бақытты қызметкер — сапалы қызмет кепілі екендігін түсіне отырып, барлық атқарылып жатқан жұмыстар қызметкерлеріміздің жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталғандығын алға тартамыз.

Сарысу аудандық ХҚК бөлім басшысы К.Аманкулов