⠀ Жастарға кеңестік көмек

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

Өтетін күні және орны: 2020 жылдың 5 маусым күні

«Тұлпар» СҮ — Ш. Уалиханова к-сі, 24⠀- 11:00

«Встреча» СҮ-Абылай хан даңғылы, 31- 12:00

⠀ Жастарға кеңестік көмек

Нұр-Сұлтан қаласы «Жастар саясаты мәселелер басқармасы» ММ «Астана жастары» ЖРО «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мобильді орталықтарда тұрақты негізде кеңестер жүргізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас адамдарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру жоспарланып отыр:

· «Сапар» базары — Алаш Тас Жолы, 32⠀

· «Ұлжан» базары-Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 24

· ТЖ вокзалы — Гете к-сі, 1⠀

· «Эталон» базары-Бөгенбай батыр даңғылы, 6/5⠀

· «Встреча» СҮ-Абылай хан даңғылы, 31⠀

· «Тұлпар» СҮ — Ш. Уалиханова к-сі, 24⠀

· Промышленный кенті — Шалкөде к-сі, 1⠀

· «Азия парк» СОО — Қабанбай батыр даңғылы, 34/1⠀

Кез-келген адам «Жас кәсіпкер», «Бастау» және т.б. жобалары бойынша кеңес ала алады. Жұмысқа орналасуға, кәсіптік бағдар алуға, баспана алуға, білім алуға, жұмысқа орналасуға, жас отбасын қолдауға өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, олар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жазыла алады.

Қосымша ақпарат: +7 778 951 22 79 Молдир