Өз қауіпсіздігіңіз үшін IMEI-кодтарын тіркеңіз!

22.12.2016 ж.  қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін бекіту қарастырылған.

Қазіргі күні осыған байланысты «Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін» әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл ережеде абоненттік құрылғыларда IMEI-кодтарды тіркеу процедурасы қамтылмақ. Жұмыс тобының құрамына Ақпарат және коммуникациялар, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ның өкілдері енді.

Бұл процесті жеңілдету мақсатында тіркеуді абоненттердің тікелей қатысуынсыз өткізу жоспарлануда.

Айта кету керек, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді.

Тұтастай алғанда, аталған шара контрафактілік құрылғыларды тасымалдауға шектеу қойып, ұялы телефон ұрлығының алдын алуға мүмкіндік бермек.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат жәні коммуникациялар министрлігі