ӨШІРГІШІҢ ӨЗІҢДЕ МЕ?

(Хикмет)
Үйленген, үйленбеген жəне үйленгелі жатқан барша достар үшін пайдалы.
Бір жігіт үйленгеннен кейін ертесіне əкесі оған қонақ болып келеді. Бір аз əңгімелескеннен кейін əкесі ұлына ақ қағаз, қалам жəне өшіргіш əкелуін бұйырады. . Сосын қасына отырғызып:
— Жаз!
— Нені жазайын?
— Көңіліңе не түссе соны жаз!
Жігіт жазады. Əкесі айтады:
— Енді өшір!
Жігіт өшіреді. Əкесі қайтадан:
— Жаз! — дейді.
— Əкетай, Құдай ақы бұдан не көздеп отырсың?
— Жаз!
— Əке себебін айтыңызшы?!
— «Жаз», — деген соң жаз балам!
Жігіт жазады.
— Енді өшір!
Ұл өшіреді.
— Енді қара! Парағың ағарды ма?
— Иə əке, ағарды. Енді айтыңызшы, бұның бəрі не үшін?
Əкесі баласының арқасынан қағып:
— Əəй балам! Тұрмыста əрдайым өшіргіш деген нəрсеге мұқтаж болады. Отбасы болғаннан кейін, сен əйеліңнің ісінен көңіліңе жақпаған жəйтті өшіріп отырмасаң, келін де сенің ісіңнен көңіліне қаяу түсірген бір ісіңді өшіріп отырмаса, парақтарың бірнеше күнде толып, қара түске айналып кетеді. Берекелді тұрмыс кешуді қаласаң əрдайым қателерді өшіруші, кешіруші, кеңшіл көркем мінез иесі бол!