Өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды

Ол 16 қарашада Астанадағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 5 адамды құтқарған еді.
Дәрігерлер бірнеше тәулік бойы оны аман алып қалуға тырысты. Денесінің 80%-ын күйік шалған.
Артында әйелі мен екі баласы қалды.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы