ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОРКЕСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОРКЕСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
2023 жылдың 27-28 наурыз күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өткен Республикалық «FARABILAND» шығармашылық байқауына Жамбыл облысы білім басқармасы, Сарысу ауданы білім бөлімінің Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің «Қазақ ұлт-аспаптар» оркестрі мен домбырашылар ансамблі қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, Бас жүлдемен оралған болатын.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов осы өнер мектебінің оқушылардан құралған оркестрінің мүшелерін қабылдады.
Қабылдау барысында Еркебұлан Нұрғалиұлы ауданымыздың абыройын асқататып келген өнер мектебінің ұжымына және оқушыларға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады. Өнер мектебінің ұжымына сыйлық табыс етті.
Сонымен қатар, ауданның білім саласына және балалар шығармашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін оркестрдің жетекшісі, Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің директоры Н. Байділдаев аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сарысу ауданы әкімдігі