Өмірге қызғанып емес, тамсана қара!

1. Мен білетін зерделі адамның бірегейі менің тігіншім еді. Ол маған келген сайын менің өлшемімді жаңадан алатын. Ал, басқалар маған ескі өлшемдермен келетін. Ескі өлшемнен ауытқымайды деп ойлайтын. (Бернард Шоу)

2. Қалауын тапсаң кез келген адамды тізерлетуге болады. Ал, сүрінген адамды қалыпқа келтіру – ауыр еңбек, бұл әркімнің қолынан келе бермейді. (Макс Фрай)

3. Әдетте ең рухы күштілер – өте салмақты және сабырлы адамдар болады.

4. Ең күрделі қадам – бізді қалыпты өмірден бөліп тұрған қадам.  (Пападжи)

5. Достық – тәулік бойы толастамайтын түсінік. (Михайл Светлов)

6. Ішкі рух — өзгенің әуенін сыйлау, бірақ өзіңнің әуезіңе билеп, өзіңнің тыныштығыңды тыңдау.

7. Қандай шешім парасатты боларын білмесең – дұрыс шешім қабылда.

8. Жоғары білім – ақылдың көрсеткіші емес, қымбат сыйлық – махаббаттың белгісі емес, уәде мен сөз әрдайым ақиқат бола бермейді. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз, айналаны жіті бақылауыңыз, жасаған істеріңіз – әр адам үшін шын мәнінде маңызды болмақ.

9. Ұшу үшін қанат жалғау шарт емес. Бастысы өмірде құлатпайтын жандардың қасыңнан табылуы.

10. Бөтен адам сені көргенде жымиып, бір сәт тілдескеннен өзін бақытты сезінетіндей өмір сүр. (Ошо)

11. Адамның жан дүниесі бай болған сайын оның өзгеден күтері азая береді.

12. Сұқбаттағы ең маңызды нәрсе айтылмағанды есту. (Питер Друкер)

13. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Бүлдіру мен қайта салу мерзімі. Үндемеу мен сөйлеу уақыты. (Рэй Брэдбери)

14. Әйелде ереже жоқ. Ол тек көңіл-күймен өмір сүреді.

15. Күресті тоқтатуға болмайды. Жұдырықтай тас түйін болып, көз жасың омырауыңды жусада, бар жігеріңді жиып күлімдеп, асқақ арманыңа қарай қадам жасауды тоқтатпа! Ақырына дейін жетіп, жығыл!

16. Өзге үшін өзіңді өзгертіп әуре болма. Егер сені шын сүйсе, осы қалпыңмен жақсы көретіні сөзсіз…

17. Өмір салған сызаттардан қорықпаңыз. Кез келген сызат тек кінәрат қана емес, еркіндікке бастар жаңа сүрлеу.

18. Сенің барың маңызды, жоқтығың жоқтаулы болатындай өмір сүр.

19. Үй деген жер емес, ол жанның күйі. Жүрегің қайда болса, үйің де сонда.

20. Басыңызға іс түссе, балаңызды құшақтаңыз. Егер ол жаныңызда болса, аман-сау шапқылап жүрсе, онда жамандық атаулы сізді айналып өтті деп білгейсіз. Қалғанының барлығы өмірдің ұсақ-түйегі…

21. Өмірдегі ең жақсы ұстаз – өмірдің өзі. Оның сабағынан қашып кете алмайсыз. Санаға сіңірмей қалу да мүмкін емес.

22. — Махаббат пен мәңгіліктің айырмашылығы неде?

– Егер әйелің суынып кетсе, онда ол мәңгілікке…

23. Кез келген жаста адамдар қоңырау шалғанды күтеді, келген смс-ке жымияды, кездесуге қуанады. Тек есейген сайын соғұрлым қитұрқылық қайдан шыға келер екен деп мұқият бола бастайсың.

24. Нағыз махаббат деген ерінің ақымақтығын байқамайтын жарының даналығы мен әйелінің әлсізгін кешіретін азаматтың жан қуаты.

25. Өмірге қызғанып емес, тамсана қараған адам бақытты.

26. Құдай күйеуді әйелін жазалау үшін жібереді дейді. Кейбір еркектің маңдайға жазылғандағы сорақылығы сонша, олармен өмірлік жаза өтеуге келісетіндер жетіп артылады.

27. Сезімнің қылын абайлап тарту керек. Терең із қалдырмауға тырысу қажет: жыртылған сурет жамауға келер, ал тапталған жүрек ешқашан қалпына келмейді.

28. Сарбаз жақсы көрген нәрсесін тастамайды. Ол әр ісін сүйіспеншілікпен жасайды.

29. Кейде бойыңды кернеген сезімді ретке келтіру үшін естен адасу керек.

 

Афоризм кітабынан

Аударған Шынар Әбілдә