ӨҢІРДЕГІ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТАРАТУШЫ ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығының 2-параграф 18-тармағына сәйкес,
2024 жылғы дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық коммиссяның отырысына тиісті құжаттар топтамасын қабылдау 23.01.2024 жылдан басталады.
Құжаттар топтамасы 2024 жылғы 23-29 қаңтар аралығында қабылданады.
— Жұмысшы органның орналасқан жері: Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы, Абай даңғылы №119 үй
— Почталық мекенжай: 080008
— Байланыс телефонының номері: 8 (7262) 45-98-04
— Электрондық почта: ush-taraz@bk.ru;
Комиссия отырысын 2024 жылғы 30 қаңтарда, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратында өткізу жоспарлануда.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7262) 45-98-04, 8 775 933 19 97