Әуесқой аңшыларға ақбөкенді аулауға рұқсат беріледі ме?!

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әуесқой аңшыларға ақбөкенді аулауға рұқсат берілетінін мәлімдеді. 

Сенат отырысында Нысанбаев биыл әуесқой аңшылықты енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Биылдан бастап біз киіктерге арналған әуесқой спорттық аңшылықты ашуды жоспарлап отырмыз. Оны жұртшылықпен, аңшылық шаруашылықтармен белсенді түрде талқылап жатырмыз. Әдеттегідей, 1 қыркүйекте аңшылық басталады. Мамыр айында аңшылықтан кейін санақ жүргізіліп, жылдың ортасында нақты санын білетін боламыз. Соның негізінде саны анықталады», — деді министр.

Stan.kz ақпарат агенттігі

Фото: gov.kz