Әсет Исекешев: Астана жайлы әрі жаһандық қалаға айналуға тиіс

Мемлекет басшысының «100 қадам Ұлт жоспарында белгілеп берген тапсырмаларын ескере отырып, 69-шы қадамға сәйкес, Астана Еуразия кеңістігіндегі маңызды орталыққа айналуға тиіс. Астана жайлы және жаһандық қалаға айналуы керек. Елорда әкімдігі аса өзекті өтініштерді құрылымдап,  бар мәселелерді шешу бойынша алдағы 3 жылға нақты шаралар кешенін әзірледі, олар 2016-2020 жылдары Астана қаласын дамыту бағдарламасын түзету кезінде ескерілді. Бұл тіралы бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев қала халқымен есептік кездесу барысында мәлім етті. 

«Біз қаланың әр ауданы бойынша егжей-тегжей талдау жүргіздік, «109», «Әкімдіктің бірыңғай электрондық өтініштер жүйесін» талдадық. Менің әлеуметтік нысандарды аралау, аудандар әкімдерінің халықпен есептік кездесулері, Ашық есік күндері және «Нұр Отан» партиясы филиалының желісімен өткен шаралар барысында 50 мыңнан аса сұрақ/өтініш түсті», — деді қала әкімі. 

«Белсенді азамат-2017» Ашық есік күнін өткізу шеңберінде Астана қаласының әкімдігіне 2845 жазбаша және 2357 ауызша өтініш түсті. Шараға 3312 елорда тұрғыны мен қонақтары қатысты. 

30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында аудандардың әкімдері  Астана қаласының халқымен 22 есептік кездесу өткізді. 6589 адам қамтылды. Түскен сұрақтар/өтініштердің саны  939, соның 553-і  жазбаша, 386-і  ауызша. Сонымен бірге, әлеуметтік зерттеулер, әлеуметтік желілердегі өтініштерге мониторинг жүйелі түрде жүргізіледі. Барлық салаларда әрбір мемлекеттік органның міндеттері мен мақсаттары анықталған. 

Түзетілген бағдарламаның басты басымдығы  қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін арттыру. Бұл бағыттағы жұмыс 2 міндетті шешуге бағдарланады:  білім, денсаулық сақтау салаларында көрсетілетін қызметтердің деңгейін көтеру, қоғамдық көліктің жұмысын, экологияны, қауіпсіздікті, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, азық-түлікпен қамту арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізілмек. Халық кірістерінің өсуіне жаңа экономикалық стратегия арқылы, жеке инвестицияларды тарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы қол жеткізілмек,-деді әкім. 

Білім адами капиталды дамытуда басты рөл атқарады

Елордада балалар саны жыл сайын шамамен 10%-ға өседі. Бұл туралы халықпен есептік кездесуде қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті. Қазіргі уақытта елордада 3 жастан ЖОО студенттеріне дейінгі балалар саны 258 мыңнан асады. Қалада 261 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар, соның ішінде: мемлекеттік  95, ведомстволық -2, жеке — 116, шағын орталықтар  48. 

c

2016 жылы 79 мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға тапсырылды, соның ішінде: 3 мемлекеттік балабақша, 44 жеке меншік балабақша, 32 шағын орталық. 46 мыңнан аса бала балабақша қызметімен қамтылған. Бұл — 70,6%, өткен жылы балалардың 64,5% қамтылған болатын.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекте тұрғандар саны — 33 240 бала. 2016 жылы балабақшаларды қаржыландыруға 8,6 млрд. теңге (2,5 жергілікті және  6,1 республикалық бюджет),  2017 жылы 9,9 млрд. теңге (2,9 жергілікті және 7,03 республикалық бюджет) бөлінді.

Әсет Исекешев халықты баспанамен қамтудың өткір мәселелерін түсіндірді

Астананың қала құрылысының жаңа тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 7 полицентрикалық орталық құру, көлік хабтарын, саябақтары, сауда орталықтары және спорт нысандары бар 50 қоғамдық кеңістікті дамыту қарастырылған.

«Қазіргі кезде урбанизация басты тренд екенін ескере отырып, Еуразияның іскерлік және инновациялық хабы ретінде Астананы дамыту шеберлік жоспары шеңберінде қала аумақтарын композициялық салу және елорданың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін басқаруда әлемдік тәжірибені сәтті қолдану қарастырылған», — деп хабарлады Ә.Исекешев.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша үй алуға кезекте 44 мың адам тұр, соның 6 мыңнан астамы өткен жылы ғана кезекке тұрған. Былтыр кезектілік тәртібімен және тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде азаматтарға 603 пәтер берілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы әзірленіп, бекітілді, ол азаматтарға арендалық баспана беруде кешенді тәсіл қолдануды қарастырады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2017-2021 жж. 1000 АҚШ долларына дейінгі баға диапазонында 40 мың пәтер тапсырылады, соның ішінде бюджет қаржысы есебінен Құрылыс басқармасы арқылы  8247 пәтер (арендалық баспана  2307, несиелік  5940), соның ішінде 2017 жылы  1120 пәтер (арендалық баспана  300, несиелік  820).

Сондай-ақ, 2017 коммерциялық құрылыс жүргізушілер шаршы метрі үшін  220 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейінгі баға аралығында 5000 пәтер тапсырады», — деп сендірді Әсет Исекешев.

Әкімдік атаулы төлемдердің 30-дан аса түрін жүзеге асыруда

«Астана» концерт залында өтіп жатқан халықпен есептік кездесуінде әкім әлеуметтік сала, қала халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне тоқталды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары жыл сайын 8-10%-ға артып келеді. Мысалы, 2009 жылдан бері олардың саны 2 есеге 58 мыңнан  114,6 мың адамға дейін өскен, ал бюджеттік субсидиялар 3 есе ұлғайып, 2,7 млрд-тан 8,5 млрд теңгеге жетті,  деді Исекешев.  

2016 жылы әлеуметтік қолдаумен 100 мыңнан аса адам қамтылды, олардың арасында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Көп балалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар бар. Мүгедек балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Елордада 20 945 мүгедек бар, соның 3624-і — бала. 

Бүгінгі күні әкімдік атаулы төлемдердің 30-дан аса түрін жүзеге асырып отыр: қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүру, тұрғын үй көмегі, мүгедектерді әлеуметтік қолдау. 5 мыңға жуық тұрғын Щучинск-Бурабай демалыс аймағында шипажай-санаторийлік ем-дом алды. 

Қалада 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық деңгейі қала тарихындағы ең төменгі көрсеткіш — 4,6%-ға дейін төмендеді. Бұл елорданың жұмыссыз азаматтарына арнап өткізілген 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің арқасында мүмкін болды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға, әйелдерге және жастарға арналған мақсатты жәрмеңкелер ұйымдастырылды, деп хабарлады әкім

Сонымен бірге, азаматтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету мақсатында кеңес беру үшін сауда орындарында (Артем, Гүлжан, Рахмет-2, Аружан және Астықжан) Жұмыспен қамту орталығының өкілдіктері ашылды. Бұған қоса, алты айдан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнап күндізгі бөлім ашылды, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды, оның қызметтерін мүмкіндігі шектеулі балалар, егде жастағы тұрғындар және үй жағдайында көмекке мұқтаж азаматтар пайдалана алады. 

Қаланың тағы бір бағдарламасы қаланың көше-жол желісін мүгедектердің қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған: бағдаршам қиылыстары, жаяу жүргіншілерге арналған жарық модульдері, арнайы жол белгілері. 526 автобус мүгедектерді мінгізіп, түсіруге арнайы жарақталған, 956 аялдама бекеті едені төмен қоғамдық көлік үшін бейімделген, деді Исекешев.

Елордада Smart денсаулық сақтау жүйесі іске қосылады

Астанада «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жобасы іске қосылды. 2017 жылы аталған қызмет тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшірілді, енді азаматтар денсаулық сақтау бойынша барлық сұрақтарына жауап алып, «103» бірыңғай телефоны арқылы тәулігіне 24 сағат бойы дәрігерге жазылуға мүмкіндік алды, деп мәлім етті Астана әкімі қала халқымен есептік кездесуде. 

«Медициналық қызметкерлердің қағазбастылығы үлкен мәселе болатын, және қазір де солай. Оның шешу мақсатында Пациенттің Бірыңғай электрондық медициналық картасын енгізу жобасы пилоттық режимде пысықталды. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын едәуір арттыруға және қаладағы көптеген емханаларда қағаз құжат айналымын алып тастауға мүмкіндік берді», — деді әкім.

Жүйе әр тұрғынның денсаулығын туған сәттен бастап қартайғанша бақылауға және жеке ерекшеліктеріне сай алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, деді әкім.

2017 жылы 3 балабақша пайдалануға беріледі

2017 жылы елорда әкімдігі МЖӘ шеңберінде ( «KEGOC», «Қазатомөнеркәсіп», «Самрук-Энерго» ұлттық компанияларымен бірлесіп) 720 орындық 3 балабақшаны; 480 орындық 2 мемлекеттік балабақшаны (Иманова-Радищева, Сарайшық-Жұмабаев) пайдалануға тапсырады; МЖӘ шеңберінде 1680 орынға арналған 6 балабақшаның құрылысы басталды; жаңа 30 балабақшада 3306 орынға мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылды. 

Әкімнің айтуынша, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке меншік балабақшаларға жолдамалар беру пилоттық режимде іске қосылды. Ата-аналар бұл қызмет түрін электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы www.e.astana.kz. Жүйесінен ала алады. 

2020 жылға дейін МЖӘ тетігі арқылы 138 жаңа жеке меншік балабақша ашылады, бұл балаларды толыққанды қамтуға мүмкіндік береді», — деп сендірді Әсет Исекешев.

Мәліметтер мен суреттер 

Астана қаласының ресми сайтынан алынды