Әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге заңсыз кедергі келтірген

Жамбыл облысының кәсіпкерлері «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» жобасы бойынша «Тараз» «ӘКК» АҚ-нан 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие ала алмаған. Кәсіпкерлердің уәждерін қарау барысында ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары бір айдан астам уақыт бойы «Тараз» «ӘКК» АҚ-на несие алу үшін жіберілетін тізімдерге оларды енгізбей, әкімшілік кедергілер жасағаны анықталды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен мүдделі тұлғалармен кездесу өткізіліп, нәтижесінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-на тиісті хат жолданды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған кәсіпкерлердің жеңілдетілген несие алуға өтініштері қанағаттандырылды.

Сая Нұр