Әйелді бастан…

Бір үлкен әжеге ауыл жастары:
— Апа, сізге таңданамыз! Осыншама жыл бойы жолдасыңызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасын құрадыңыз. Осының құпиясы неде екен? – деп сұрайды.

— Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Атаңызға жас қыз болып күйеуге шығып тұрмыс құрғанмын. О кездері автобус, жеңіл көлік деген атымен жоқ, сонда келіндерді жаңа мекендеріне атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Мен бір атқа, аталарың да бір атқа мініп жолдасымның ауылы жаққа бет бұрдық. Аталарың алдында, менің оның артында келе жатымыз. Бір кезде атым сүрініп қалды. Бұл жолы жолдасым артқа бұрылып, атыма «БІР» деді. Біраз тағы жүрген кезде атым қайта сүрінді. Бұл жолы жолдасым атқа қарап «ЕКІ» деді. Біраз жүрген соң бейшара атымның тағы да сүрінгенін қарашы, жолдасым «ҮШ» деді де, мылтығын алып атымды атып тастады. Атым сол жерде өлді де қалды. Болып-біткенге сене алмай, жолдасыма: «Еш жазығы жоқ сап-сау атты неге атып тастадыңыз?!» деп ренжіп дауыс көтердім. Жолдасым үндемей тыңдап алып маған қарай бұрылды да «БІР» деді. Сол күннен бері аталарыңа «ЕКІ-ні» айтқызбай келемін. Бақытты обасының құпиясы сол ғана, — деп әңгімесін аяқтапты.