ӘЙЕЛДЕР НЕЛІКТЕН ЖЫЛАУЫҚ БОЛАДЫ?

Кішкентай ұл анасынан: «Анашым, неге жылап тұрсыз?» деп сұрапты. Сонда анасы: «Мен әйел адам болғандықтан жылап тұрмын» деп жауап беріпті. Ұлы: «Түсінсем бұйырмасын!» дегенде анасы оны құшақтап: «Балам сен ешқашан түсіне алмайсың!» деп айтыпты.
Соңыра ұл әкесінен: «Анам неге еш себепсіз жылай береді?» деп сұрағанда әкесі: «Барлық әйелдер солай, еш себепсіз жылай салады» дегеннен артық жауап бере алмапты.
Кішкентай балақай үлкен жігіт болып өссе де әйелдердің жылауықтығына таң қалумен жүріпті. Тіпті осы сауалдың жауабын іздеумен әбден әуреге түскен екен. Ақыры бір күні оған сауалына орай Алла Тағаланың аяны келсе керек. Аянда:
-Мен әйел адамды ерекше етіп жаратқанмын. Олардың иығын әлемнің барлық ауыртпалығын көтеретін қуатты еттім әрі барлығын жайлы да жағымды болдыратын жұмсақ та болдырдым.
-Мен Оларға адамзаттың ұрпағын жалғайтын, әрі ұрпақ өрбіткен сайын түсетін ауыртпалыққа төзе білетін ішкі күш-қуатты да бердім.
-Мен Оларға отбасылық ауру-сырқау, ауыртпалық-қиыншылығы кезінде де ешбір мойымай, басқа адамдар қалжырап құлап жатса да алға баса беретін қажымас қайрат бергенмін
-Мен Оларға қандай жағдайда да, тіптен бала-шағасы да өзін төзбестей ренжітсе де оларды сүйе білетін ұлы қасиет дарытқанмын
-Мен Оларға күйеуі қанша қателлессе де жанында үнемі бірге болып, оны жігерлендіретін төзім беріп, күйеуінің жүрегін аялап өтсін деп әйел адамды ер адамның қабырғасынан жаратқанмын
-Мен Оларға жақсы күйеу ешқашан әйелін ренжітпейді дегенді түсінетін ақыл бергенмін, әрі Олардың қандай кезде де күйеулерінің жанында бірге бола алатын сенімі мен шыдамын кейде сынап та көремін.
-Мен Оларға көздерінен ағатын көп жас бергенмін. Бұл тек Әйелдердікі, әрі Олардың қажетті кезінде, қандай да жағдайда қолдана алатын жалғыз қаруы да осы көз жасы деген екен.
Соңында Алла Тағала «Ұлым, әйел адамның сұлулығы Олардың киген киімі, жүрген жүрісі, бет-әлпеті, шашын қалай тарағанында емес, олардың тек Көзінде ғана. Себебі Олардың көзі- Олардың Ұлы Махаббаты сақталатын жүрегіне жететін жападан жалғыз есік!» деп ескертіпті…

Ай Дана