«Әгугай домбыра»

Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтоына орай аудандық мәдениет үйінде «Әгугай домбыра» атты концерт өтті.
Концертте мәдениет үйінің қызметкерлері композитордың «Сағындым Алматымды», «Айхай-25», «Үшқоңыр», «Қоштасудың қиыны-ай», «Сырғалым» әндерін орындап, шығармашылығын кең көлемде насихаттады. Залдағы көрермендер белгілі әндеріне қосылып, бірге шырқады.
Алтынбек Қоразбаевтың туындылары халықтың сүйіп тыңдайтын әндері.

Сарысу ауданы әкімдігі