ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ «ТАЛАС ТЫНЫСЫ» АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізу аясында кеңес мүшесі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Г.Қ.Құланбаева «Талас тынысы» аудандық газеті редакциясының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік саясатты жергілікті жерлерде жүргізудегі рөлі, журналисттік әдептілік, сондай-ақ, жалпыға бірдей моральдық-әдептілік нормалардың сақталуы мәселелері көтерілді.
Сонымен бірге, спикер мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің рөлі жөнінде қатысушыларға ақпарат берді.
Жиын соңында Гүлбаршын Қайратқызы қатысушыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, әдептілікті күнделікті әдетке айналдыруға шақырды.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті