«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер»…

Американың гербінде бейнеленген ақ бас қыранның тағдыры өте қызық құс. Кіммен тағдыр қосып, жұмыртқа басып, балапан шығаратынын құстың ұрғашысы таңдайды екен.

Тұмсығына кішкентай таяқшаны іліп, қанаты талғанша аспанның зеңгір көгіне дейін қалықтап ұшады. Онан қырық-елу метрдей төмен, жиырма-отыздай қыранның еркегі қанатын жайып қалықтайды екен. Ұрғашы қыран тұмсығындағы таяқшаны бірнеше мәрте жерге қарай тастап жібереді.

Нет описания фото.

Сол таяқшаны көп мәрте қағып алған, епті сайып қыранмен әлгі ұрғашысы тағдыр қосады. Олардың балапан ұшыруы тіпті қызық. Тағдыр қосқан қырандар ұясын құздың басына салады. Жұмыртқаға жылы болсын — деп ішіне құстың мамығын төсейді. Күні жеткен балапандар жұмыртқаны жарып шығады.

Қанаты қатайғанша жылы ұяда, ата-анасының қамқорлығында болған балапандар, бесіктегі баладай бес түлейді. Жылы ұя, дайын тамақ балапандардың бауырын жазады. Қауырсындары қатайып, сыртқы жүндері толық шығып болғасын, оларды ата-анасы ұядан ұшырады.

Жас балапан қырандарды, ұядан ұшыру өте қызықты процесс. Қыранның еркегі ұяға қарама-қарсы құз басында, жемтігін алдына алып қонақтайды. Ұрғашы қыран, құз басындағы ұяның жанына ұшып барып, бүкіл күшімен қос қанатын, қатты қайта-қайта қағады. Қанаттың екпінімен шыққан жел, жылы ұяның ішіндегі барлық мамық жүндерді сыртқа ұшырып жібереді.

Балапандар үшін не комфортный зона пайда болады. Олар жан ұшырып келесі құздың басында қонақтап отырған, әкесінің қасына аман-есен ұшып баруға талпынады. Бұрын қанат қағып, ұшып көрмеген балапандар үшін, жан алып, жан беру процессі басталады. Олар осылай балапандарына қорқыныштарын жеңіп, өздерін өмірде үреймен күресуге үйретеді.

На изображении может находиться: небо и облако

Ұшқан балапандарының астында, құзға құлап өлмесін-деп аналары страховка жасайды. Ұшуға күші жетпей құзға құлап бара жатса, аналары қанатының үстіне салып қайтадан ұясына әкеліп тастай береді. Қашан өз еркімен ұшқанға дейін, бұл процесс қайталана береді. Әуелі ұшуды, онан соң балапандарына жемтігін аулауды үйрететі. Қатал өмірдің сынынан өткен балапандарға әрі қарай өз бетімен өмір сүруде жеңіл болады.

“Балаңды аясаң, аяма”- деген қазақ бүгінде осы қағиданы ұмытып бара жатқандай. Өмір бақи баламыз бауырымызда болатындай, қасымыздан шығарғымыз келмейді. Қас-қағым сәт баламыз қасымыздан көрінбей қалса, зәреміз зәр түбіне жетеді. Айрылып қалам ба?-деген үреймен қорқыныш бүгінгі ата-анада басым қазір.

Ата-анасына әбден арқа сүйеген бала, жастықтың жалынымен үйленіп алып, отбасын асырауға қауқарсыз бүгінде. Себебі өмірге икемдемеген өзіміз. Сондықтан асыраушысына арқа сүйей алмайтын әйел көп бүгінде. Оның аяғы ажырасуға алып келеді. Сен үйретпесең, өмірдің өзі үйретеді. Бірақ оның талабы күшті, заңы қатал.

Ұлды жастайынан өмірге икемді қылып, қаражат табуға қауқарлы қылып өсіру біздің міндетіміз. Қыздарымызға, ақ бас қыранның тағылымын, тал бойына сіңіруіміз керек секілді. Ері икемді, әйелі сәбиімен сүйкімді отбасының шаңырағы ешқашан шайқалмайды.

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”-ағайын.

МАҚСАТ СҚАҚОВТЫҢ

фейсбук парақшасынан