«Ұлы дала өркениеті» атты II-ші халықаралық суретшілер симпозиумы өтуде

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 6-13 мамыр күндері аралығында «Ұлы дала өркениеті» атты II-ші халықаралық суретшілер симпозиумы өтуде.

Бүгін «Ұлы дала өркениеті» атты II Халықаралық суретшілер симпозиумының ашылуы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені көркемсурет галереясында өз жұмысын бастады.

Симпозиумның мақсаты — Жамбыл облысының өлкесін, Тараз қаласын, оның көрікті жерлерін шетелдік суретшілердің көзімен көру, пайымдау. Бейнелеу өнері арқылы халықтар арасындағы достықты, мәдени және рухани байланыстарды нығайту.

Мәдениет және өнер саласындағы, әсіресе бейнелеу өнеріне құштар студенттерге, оқушыларға үлгі-өнеге ретінде олардың эстетикалық тәрбиедегі шығармашылық қабілеттерінің дамуына барынша оң әсер ету.

«Ұлы Дала өркениеті» тақырыбындағы II-ші Халықаралық суретшілер симпозиумына Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Латвия, Словакия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстандық танымал суретшілер қатысуда.

Сонымен қатар, Институт ұстазы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Сихаев Айдархан Әшімханұлының абстракциялық живопись, авангардизм, перформанс, акционизм, видео-арт, инсталляция, поп-арт үлгісіндегі «Руханилық, принцип және ұстаным» тақырыбына арналған жеке көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.