«Ұлттық тағам — ұлт мақтанышы»

«1 наурыз — Алғыс айту күніне» орай, Түркістан ауылдық округінде «Ұлттық тағам — ұлт мақтанышы» тақырыбында қазақтың ұлттық тағамдарының аудандық байқауы өткізілді. Ерекше ұйымдастырылған байқауға күрді, славян, неміс этносының өкілдері қатысты.

Қазақтың ұлттық тағамдарының барлық түрін дайындаған өзге ұлт этнос өкілдері қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жайлы сұрақтарға жауап беріп сайысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды күрді ұлтының өкілі С.Айдарова, ІІ орынды славян ұлтының өкілі А.Баймаханова, ІІІ орынды күрді ұлтының өкілі Н.Бархударова жеңіп алды. «Ерекше қатысушы» номинациясы бойынша неміс ұлтының өкілі К.Пауль арнайы сыйлықпен марапатталды. Күрді ұлтының өкілі З.Какоева мен қазақ ұлтының өкілі М.Тұрысбек қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Еркебулан Есмаханов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары