Бүгін – Ұлттық аза тұту күні…

Күні кеше ҚР Президенті «Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Өкімге қол қойған болатын.
Осыған орай бүгін, 9 маусым еліміздің барлық аймағында көк байрағымыз төмен түсіріліп, ойын-сауықтық және өзге де іс-шаралар кейінге қалдырылды. Жазықсыз жандардың отбасыларына қайғы әкелген қанды оқиға күллі Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Әрі елдің берекесін алып, бүлік шығарған қылмыскерлердің бостандықта жүруіне байланысты қауіп те сейіле қойған жоқ.
        Апат айтып келмейтінін тағы көрсетті. Ел тыныштығын бұзуға құмар жау жар астында жатыр. Оған еліміз бірнеше мəрте куə болды.   Ақтөбедегі қанды оқиға соның жарқын көрінісі. Баласынан айырылған ата-ананың,  əкесінен айырылған бала — шағаның  көз жасы ешкімді бей — жай қалдырмағаны анық. «ЕлАна» сайты атынан бейбіт күнде қайғыдан қан жұтқан шаңырақтардың мұңын бөлісіп, ел үшін шейіт болған марқұмдардың жаны жəннатта болсын дегіміз келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

«ЕлАна»