Ұйықтар алдында айтылатын дұғалар

Екі алақанды біріктіріп жайып көкірек тұсына әкеліп оларға үрлеп дем салады да, кейін: «Ихләс», «Фаләқ» «Нас» сүрелерін оқып, кейін алақандарымен мүмкіндігінше денесін толық сипайды. Әдетте басы, жүзі, сондай-ақ, денесінің алдыңғы жағынан бастайды. (ред. Яғни: 1- Алақанға үрлеу. 2- Сүрелерді оқу. 3- Денені сипау. Осы ретпен 3-рет қайталау керек.)

«Әл Курси» аятын оқу (Aят әл-Курси) («Бақара» сүресі, 255аят).  (Кімде кім бұны ұйықтар алды оқыса, Алла оны барлық жамандықтардан сақтайды және шәйтан оған таңертең ұйқыдан тұрғанға дейін жақындай алмайды).