«Үш бәйтерек» кітабы: С.Сейфуллин

Қазақ әдебиетінде өзіндік ақындық шеберлігімен әрі дарынды тұлғасымен із қалдырған ақындардың бірі деп Сәкен Сейфуллинді айтуға болады. Жастайынан қолына қалам алып, талай туындыны жарыққа шығарған талантты ақынның жан дүниесі сұлулық пен әсемдікке ұмтылып тұратынын көруге болады. Оның дәлелі «Ақсақ киік» өлеңі. «Ақсақ киік» ертеден ауыздан ауызға таралып келе жатқан киіктің аянышты жолмен қаза болғаны жайындағы аңыз. Сәкеннің ерекше талғаммен көрнекті, көркем бейнелеген өлеңі. Қоғамдық жұмыспен ақындық өнерін қоса алып жүрген Сәкен табиғаттың сүлулығымен мұңын шебер суреттей білген.
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ-шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар. (үзінді)