Үй жануарларын ұстайтындар оларды тіркеуге тұрғызуы тиіс

Аудан тұрғындары ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңынан туындайтын ережелерді сақтауға міндетті.
Үй жануарларын міндетті есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енгізілді. Үй жануарларын ұстайтындар енді оларды тіркеуге тұрғызуы тиіс.
Тіркелмеген жағдайда үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Жыл басынан 151 бас қаңғыбас ит ауланды. «Таңба» порталы бойынша ит аулаушы тіркеліп куәлік алынды.
Қазіргі таңда ауданда «TANBA» жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесіне тіркелген иесіз жануарлар саны — 30 басты құрап отыр.
Сарысу ауданы әкімдігі