Қызанақ көкөніс емес, жеміс

Бұл әлемде біз білмейтін талай қызық бар. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ.
Ұшақпен ұшатын адамның шашы жерде жүрген адамға қарағанда екі есе тез өседі;
Қызанақ көкөніс емес, жеміс;
Үндістанның ұлттық валютасы – рупияны бұл елге шеттен әкелуге және мемлекеттен әкетуге заң жүзінде тыйым салынған;
Шаянның жүрегі басында орналасқан;
Қорылдап ұйықтайтын адам мүлде түс көре алмайды;
Аралардың екі асқазаны бар: бірі балға, бірі тамаққа арналған;
Египетте 200 жылда бір рет найзағай ойнайды;Белгілі актер Чарли Чаплин кейіпкерлері арасындағы байқауға қатысып, үшінші орын алған;
Әлемде әр 10 секундта 26 сәби дүниеге келеді;
Орташа алғанда балалар күніне 400 рет, ал ересектер 15 рет күледі;
Алты-жеті айлығына дейін сәби бір уақытта тамақ ішіп, дем ала алады. Ересектер мұны істей алмайды;
100 жасқа дейін өмір сүретін қарттардың 80 пайызы әйелдер;
Адам терісіндегі тірі организмдер Жердің жалпы тұрғындарынан бірнеше ондаған есе көп;
Дүние жүзінде 365 миллион адамның жеке компьютері бар. Әлем халқының жартысы компьютер мен телефонның не екенін білмейді;
Ғашығына қараған адамның қарашығы 45 пайызға үлкейеді;
Әлемде ешкім көзін ашып, түшкіре алмайды;
Ғарышта көзден жас шықпайды. Гравитацияның жоқ болуы әсерінен жас кішкентай көпіршіктерге айналады да көзді ашытады;
Әр көзде 107 миллионнан астам жасуша бар, олардың барлығы жарықты сезінеді;
Әйелдер ерлердің көзіне қарап, олардың нақты мақсаттарын анықтауы үшін 8 секунд қажет;
Нәрестелер заттарды тек 38 сантиметр қашықтықта көре алады;
Бір нәрсе көзге түскенде, жылағанда немесе есінегенде көздің құрамы өзгереді;
Әр түрлі инфекциялар мен вирустар ағзаға мұрын және ауыз арқылы енгендей, көз арқылы да енуі мүмкін;
Құмырсқалар илеуін жылыту үшін алдымен күн сәулесіне шығып жылынады да қайта илеуіне кіреді. Осылай илеудегі температура сыртқы температурадан +10 градусқа жылы болады;
Әлемде күріштің 7000 түрі бар. Біз бірақ оның сатылатын 10 шақты түрін білеміз;
100 грамм бал жинау үшін аралар Жердегі экватор ұзындығынан көп, яғни 46 000 шақырым жүруі керек;
Кәдімгі бақа өмірі барысында 3 тонна шыбын мен масаны аулайды.