Қытайда қазақтар қысым көріп жатса, шенеуніктер не қарап отыр?

Жуықта ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев Үкіметке осындай сауал жолдап, құзырлы органдардан Қытайдағы қазақ диаспорасына қысым көрсетілуі жайлы ақпаратты тексеруді сұраған болатын. Сол сауалында сенатор: «Депутаттық сауалға басқа мемлекеттердің азаматтығын алған қазақ ұлты өкілдері құқықтарының шектелуі туралы мәселе түрткі болды. Қытайда қазақ диаспорасы ең көп шоғырланғаны белгілі. Олар негізінен Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округі, Цинхай мен Гансу провинцияларында тұрады. ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округінде тұратын қазақ ұлты өкілдерінің заңды құқықтарының шектелуі туралы мәселе биылғы жылы өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында көтерілген болатын. Сол кезден бастап 1,5 миллионнан астам отандасымыздың заңды құқықтарының шектелуі туралы мәлімет ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде кең тарап кетті. Мұндай бейресми ақпарда олардың діни құқықтарының шектеліп, елден шығуы үшін шетелдік паспорттардың берілуіне кедергі жасалып жатқаны жайлы айтылған. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Жалпы, Қытайдағы қазақ диаспорасының жағдайы мен олардың құқықтарының қорғалу деңгейі қандай? Оларға шынымен де қысым көрсетіле ме? ҚР СІМ тарапынан осы мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Бұл мәселеге қатысты Қытай тарапынан келіссөздер немесе кеңестер өткізілді ме? Ақпарат расталған жағдайда құзырлы органдар қандай шаралар қабылдамақ?»— деп сауал қойған-ды. Бұған дейін ҚР СІМ Қытайдағы қазақ диаспорасына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген болатын. Сыртқы саяси ведомство басшысы Қайрат Әбдрахманов Мемлекет басшысы министрлікке шетелдегі, оның ішінде Қытайдағы қазақ диаспорасы мәселелеріне жіті назар аударуды тапсырғанын айтқан еді.

Қазақстан жағы бұдан әрі қадамға бармай отырса,и аталған сауал жуықта Астанада өткен «Заманауи Қытай: сұрақтар мен мен жауаптар» атты жиында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Хэньхуэйге де қойылған болатын. Бұл сауалға елші: «Қытай өзінің сыртқы саясатын жүргізгенде гегемонизм жолымен жүрмейді және басқа елдің ішкі жағдайына араласпайды. Біздің мақсатымыз бір: ол — адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын құру. Қытай компартиясының XIX сьезін өткізер алдында Шыңжаң автономиясында бақылау күшейіп, қатаң шаралар қолға алынған.

Бұл тек қазақтарға ғана емес, басқа да ұлттарға қолданылған. Кейбір қызметкерлердің асыра сілтегені рас шығар, біз бұл бойынша Бейжіңге, Шыңжаң автономиялық ауданына хабар бердік, өйткені ондағы жоғары лауазымды шенеуніктер бұл жағдайды білмеген. Біз бір ұлтты көтермелеп, бір ұлтты төмендетпейміз. Егер осындай жағдай болса, сіздер маған айтыңыздар. Ал енді Қытай төлқұжатын алған өз азаматтарымызға қатысы болса, бұл — Қытайдың ішкі швруасы. Қателессек те бұл біздің ішкі ісіміз. Мұндай кезде рақметімізді айтамыз, қателікті түзетеміз. Бірақ, өзге елдің ішкі ісіне араласуға болмайтынын қатаң есмкертеміңз»,— деп, бұл жайлы жақ ашпасаңдар да болады дегендей сыңай байқатқан. Дегенмен, қазақтың жоғын жоқтап, аталған мәселенің ұңғыл-шұңғылын зертеп жүрген белсенді Қыдырәлі Оразалы «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында: «Қытайда туып-өстім.

Осы уақытқа дейін Қытай билігінің басқа ұлттарды тұқырту саясатын осылайша жүйелі, мақсатты түрде жүргізгенін есіген емеспін. Бәрі соңғы бір жылдың ішінде орындалыпр жатыр. Қытай билігі алдымен төлқұжатты жинап алды. Сосын, басқа емес, тек қазақтарға ғана арнайы қолданылып жатқан шаралар бар. Мәселен, Қазақстанға барып, сондағы туыстарымен сөйлескені үшін ұсталып, түрмеге тоғытылған қандастарымыз жетерлік. Ал, Қазақстанда жүрген қытайлармен сөйлескен қытайларға мұндай қысым көрсетілмейді. Қытай заңы бойынша, зейнет жасындағы адам шетел азаматтығын алса, оның зейнетақысын төлеу тоқтатылмайды. Төрткүл дүниенің әр түкпіріне кеткен бірде-бір қытай зейнетақысынан айырылған жоқ, шып-шырғасын шығармай алып келеді. Ал, Қазақсатнға кеткен қазақтарға зейнетақы төлеу тоқтатылды. Сосын автономияға ие халықтың өз тілінде сөйлеуге қақымсы бар болса да, бүгінде Қытай басқа ұлттарды осы құқығынан айырды. Қазақ мектептерінің бәрін жабу да осы қатардағы шаруа. Білім берудің 95 пайызы қытай тілінде. Қытай заңы бойынша кез келген адам шекарадан әрі-бері емін-еркін өтуге құқылы, бірақ, қазір өзге ұлттар, соның ішінде қазақтар бұл бақыттан айырылған, елден сыртқа шығу мұң болып қалды. Себебі, қолдарында төлқұжаттары жоқ. Тіпті, 2020 жылдарға қарай төлқұжатта азаматтың ұлты жазылмайды, барлығы «қытайлық» деп жазылады екен деген де сыбыс бар. Ұсталып, түрмеге түскендер арасында балаларын Қазақстанда оқытқан ата-аналар, сондағы туыстарымен сөйлескендер қарасы көп. Ондайларды Қытайдағы «саяси үйренім» деген орталыққа апарып, бір айдан бір жылға дейін ұстайды. Оларға саяси тәрбие жұмысын жүргізеді. Қытай төрт дінді мемлекеттік деп таниды. Мешіттер де, дін істері жөніндегі мекемелер де бар. Тіпті молдаларды да оқытқан. Өкінішке қарай, соңғы кездері сол өздері оқытқан молдаларды шетінен қамауға алып , солардың алды өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болып жатыр деген сыьбыс бар. Қазақ тілінде оқысын деп Қазақстанға жіберген балалары кері қайтпаған ата-аналар қамауға алынуда. Тілінен, дінінен айырылған, қытайша шүлдірлеген қазақтан ертең қайда бармақ? Қытай билігі осының бәріне халықаралық терроризмді желеу етіп алға ұстап отыр.

Соған қарағанда ресми Бейжің Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарында тұратын қазақтар қазіргідей аласапыран кезеңде Қазақстанға қосылып кетуі мүмкін деуден секемденетін сияқты. Қытайлар соның алдын алу үшін елде қытайландыру саясатын жүргізуде. Жағдай өзгермей, бәрі осы бағытта жүре беретін болса, аспан асты еліндегі 2 миллион қазақсатн тірідей айырылу қаупі төніп тұр демеске амал жоқ. Өйткені, олар өздерінің өқазақ екенін дәлелдей алмайды, Қазақстанға оралман ретінде келе алмайды. Ең басты қасірет те, міне — осы»,— дейді. Құрбандыққа шалған тоқты да жантәсімі дберерде тұяғын бір серпиді ғой, бәлкім, еліміздің құзырлы органдағылары қандастарының тағдырына араша түсіп, аяқ-қолдарын қимылдатып, қолдан келер көмекті жасауға бет бұрар деген сенімдеміз.

 

 Ермек Сахариев