ҚР Президенті бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы қорғанысты және әскери қызметті, әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтобе — Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Айта кетейік, заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.