ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мойынқұмда

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен келген болатын.
Аудандағы жұмыс сапары барысында Сенат депутаты алдымен Айдарлы ауылындағы № 2 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын, дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жұмыстарын бақылады. Бұдан әрі Б.Орынбеков Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын көзбен көріп, ішін аралап шықты.

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков аудандағы жұмыс сапарының соңында аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.
Кездесуді аудан әкімі Ә.Балқыбеков ашып, жүргізіп отырды. Онда Сенатор Б.Орынбеков сөз алып, Парламентте қабылданып жатқан заңдар, ондағы негізгі мақсат — жергілікті атқарушы органдардың жұмысын оңтайландырып бір жүйеге түсіру, сол арқылы халықтың табысын көтеру, әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалар ең алдымен қарапайым халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отырғанын жеткізді.

Содан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков ауданда егін су тапшылыған атап,Тасөткел су қоймасына қатысты мәселелерді жеткізсе, бірқатар мәслихат депутаттары да өз сауалдарын қойды.

Мойынқұм ауданы