Қостанай облысында жоғалған 5 жастағы қыздың денесі табылды

Бүлдіршін жасанды су қоймасына батып кеткен. Аймақ полицейлері баланың мәйіті дрон көмегімен табылғанын айтады.
Еске салайық, бес жасар Мәдина Ерланқызы 7 тамыз күні таңертең үйінен шығып кеткен еді.
Бүлдіршінді іздеуге 1000-ға жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция қызметкерлері, волонтерлер, психолог және ауыл тұрғындары бар.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы