Қордайда 27 мектепке Алаш қайраткерлері мен ұлт зиялыларының есімі берілді

Қордай ауданында бірқатар білім беру ұйымына белгілі тұлғалардың есімі берілді.
Ауданда білім бөліміне қарасты 47 мектеп бар. Оның ішінде 27 мектептің атауы жоқ болғандықтан олар тек нөмерімен аталып келген. Мектептерге жеке адамның атауын беру үшін әр мектептің ұжымы 2020 жылы қыркүйек айында мәселе көтеріп, қаулыға сай педагогикалық кеңестің шешімімен ұсыныстарын берген.
Нәтижесінде 27 мектептің атаулары толығымен өзретілді.
✅Атап айтқанда, № 6 негізгі мектебіне Шерхан Мұртазаның есімі, № 9 орта мектебіне Әлихан Бөкейханның, № 11 мектепке Спандияр Көбевтің есімі, № 13 мектепке Міржақып Дулатұлының есімі, № 21 мектептке Сәкен Сейфулиннің есімі, № 24 мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі, № 25 мектепке Санжар Асфендияровтың есімі, № 40 мектепке Смағұл Садуақасұлының есімі, № 47 мектепке Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі, № 49 мектепке Оралхан Бөкейдің, № 50 мектепке әл-Фарабидің, 51 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, № 30 мектеп гимназиясынына Шерхан Мұртазаның есімі, № 1 мектепке Асанбай Асқарвтың есімі берілді.
Жаңа атауларға ауыстыру үрдісі ұлт қайраткерлерімен бірге өңір тарихында орны бар тұлғалардың есімдері де құрметтелді.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі