Қоғамдық қабылдау

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Т.Рысқұлов ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар жол жөндеу, жайылымдық жердің тапшылығы, атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грант алу, жер кезегіне тұру, Интернационал ауылына балабақшаның қажеттігі жөнінде мәселелер көтерді. Сонымен қатар, бірқатар көпбалалы аналар балаларының мектептегі оқу құралдарын пайдалануға қатысты сауалдармен қайырылды.
Жорабек Нұрмергенұлы тұрғындарға заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерді өзінің бақылауына алды.
Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауда бөлімдер мен мекемелердің басшылары өздерінің салалары бойынша тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Меркі Ауданы Әкімдігі