Қазақстандық бокс көрнекті тәлімгерінен айырылды…

Кубалықтардың жеңілмейтін күші туралы аңызды жоққа шығарған қазақстандық боксшылардың тамаша шоқжұлдызын тәрбиелеген жаттықтырушы Феликс Тихонович Цой 81 жасында дүниеден озды…
Цой Феликс Тихонович 1941 жылы 2 сәуірде Талдықорған облысы, Үштөбе қаласында дүниеге келген (81 жаста). Қазақстанның бокстан бірнеше дүркін жеңімпазы. 1971 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген.
Спорттық жолында 1-ҚР ЕССШ, 5 – ХДСШ, 8 – СШ дайындап шығарған.
Жұмаділов Болат – ҚР ЕССШ, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Әлем чемпионы;
Кабиров Рашит – ХДСШ, Европа чемпионы;
Тілегенов Бақтияр – ХДСШ, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиада ойындарына қатысушы;
Ний Павел – ХДСШ, Азия чемпионы;
Цой Александр – ХДСШ, әлем чемпионатының жүлдегері;
Нысанов Ермек – ХДСШ, Азия чемпионы;
Муминов Закир – СШ, КСРО чемпионатының финалисті;
Қалыбаев Нұрлан – СШ, Қазақстан чемпионы;
Анарқұлов Нұрлан — СШ, Қазақстан чемпионы;
Байбосынов Асқар — СШ, Қазақстан чемпионы;
Ким Инокентий — СШ, Қазақстан чемпионы;
Жұмаділов Досжан — СШ, Қазақстан чемпионы;
Жуанышев Марс — СШ, Қазақстан чемпионы;
Сейітбеков Нұрлан — СШ, Қазақстан чемпионы;
Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының Құрмет грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, «Жамбыл облысының құрметті азаматы» және Тараз мемлекеттік педагогика институтының құрметті профессоры» атақтары берілген.
2001-2010 жылдар аралығында «Бокстан олимпиада жеткіншектерін даярлайтын облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» директор лауазымында қызмет атқарған.
Зайыбы Цой Земфира Федоровна 1950 жылы туылған.
Ұлдары: Цой Сергей Феликсович, Цой Александр Феликсович.
Екеуі де үйленген, ұл-қыздары бар.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы