Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі өзгереді

Бұған дейін көлік жүргізушілері ақылы жолды пайдаланғаны үшін алдын ала немесе арнайы пункт арқылы төлем жасап келсе, енді мұндай төлемді 7 күн ішінде төлей алады.
Бірақ берілген мерзім ішінде төлем жасамаса, көлік иесіне айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (17 250 теңге), ал заңды тұлғаларға – 10 АЕК (34 500 теңге) көзделген.