Қазақ мектебі қайда барасың? Немесе ол қазақтың ертеңіне айнала ала ма?

Артық қыламын деп тыртық еткен алаңғасырдай  мектепті алдыңғы қатарлы елдің көшіне жеткіземіз деп жүріп, білім сапасынын  әлсіретіп алғанымызды білетін уақыт жетті.  Біз неге реформаға құмармыз? Қаншама жаңа пәндерді мектеп бағдарламасына  тықпалағанмен – қазақтың жанына жакын-әдебиеті мен тілі шетқақпай болып елеусіз калды. Қоғамның өзі әдебиет пен казак  тілін шеттетіп аз сагат бөліп, окушынын білімін есепке алмайтын, ұстаздын білімін тексермейтін дарежеге жеттік. «Қазір окушы сөйлеу керек, ұстаз-тындаушы» деген кағида пайда болды. Оң, солын әлі танымаған, танып білуге, келген оқушы қалай бәрін өзі біліп, оқиды. Онда мектептің керегі қанша? Сыныптағы сабаққа қатыса қалсаң, 45 минут сабақтың, 40 минутін оқушыдан сұрайды, 5 минут  қалғанда үйге  тапсырма беріледі.

Өмірін бала тәрбиесіне, оларға білім беруге арнағаннан кейін ол қоғамның, адамның алдындағы міндетіне немкетті қарауға  болмайды. Ондай жандар кәсібін сүймегендіктен, жұмысын тоқтатып, қолынан келетінін істеп айналысуы жөн. Тасада  қалып келе жатқан жайлардың бірі оқушының өзі тұратын жерінің ерекшеліктеріне  назар аудармайды. Атап айтқанда, халық саны, қанша мектеп, онда қанша оқушы, табиғаты, климаты, өсімдігі, жануары, киелі орны, химиялық өндіріс, оның өнімдері, зауыт, фабрикасы бар екені айтылмайды. Мұндайды ескеріп жатқан жан жоқ  оқулықтардың санасы сын көтермейді. Тілі ауыр, түсініксіз ұғымдарды бала түгіл үлкендер жаңылады. Биылғы тоғызыншы сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» деген пәннің кіріспе бөлімінде «Қазақстанның әр азаматы өзі қалаған дінді» таңдайды деген екен .Бұл не сөз? Олай болса басқа дінге кеткендерді, асыл дінімізді мойындамағандарды неге кінәлаймыз?

«Барлық балалар мұсылмандыққа ыңғайлы болып дүниеге келеді. Оларды кейіннен әке –шешесі христиан, якуди немесе имансыз қылып тәрбиелейді дейді «Хадис Шаридтен». Жалпы дінтану сабағын 1 сыныптан бастап, мектеп бітіргенше дініміздің қасиетті ерекшеліктерін неге түсіндірмеске, тек 9 сыныпта ғана Ислам дінін жалпы сипаттағанша, неге тәрбиелік мәні зор құран аяттарын, дұғаларды үйретпеске. Міне  білмегендіктен, танымағандықтан жастарымыз у ішуде.

Ақпараттар да кейде шектен шығып қателіктерге  ұрынумен келеді.

Латын әлшіпбиіне көшуге Ақтөбе  облысы 80 пайыз дайын деп облыстың тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Г.Төлебаева ел алдында есеп берді. Қайдан алған мәлімет. Сұрадық жауабы көңіл көншітпейді. Ал «Нұр Отанда» 67 пайыз деп көрсеткен. Кімге сенуге болады?

Бәйішов атындағы кітапханада «Бабалар сөзі» (100 том)  шаң басып қозғаусыз тұрғанына  біраз айдың жүзі болды.Сол қасиетті бабалардың сөзі өткен кеткенге жаутаңдап қарап, оқырманын күтіп есіктің алдында тұрғандай.

Ақтөбе  телеарнасының жүргізушілері кейде қате сөйлеуге бейім. Атап айтқанда Ертарғын  мінген ала шұбар ат деп айды аспанға шығарды. Мен бар өмірімде  Ертарғынды Байшұбарға мінгізіп, ерлік жасатумен келген едім. Батырлар жырын оқымаса Ертарғында нең бар еді, журналистер-ау. Айтпақшы жанашырлықпен ескертпекке оқталып едік, есітер құлақ болмады. Басшыға хатшысы жолатпайды екен. Міне осылай. Әртараптан білімді болуға талпынған жастардың ойы сан саққа кетіп, дұрыс ақпарат та ала алмай жүргені жасырын емес. Жаны ашығандықтан, танығандықтан білім саласындағы азыды көпті кемшіліктерді сөз еттік.

Ғалымның қатесі кеме капитанының қатесіне ұқсайды. Білім-кеме батса онымен бірге қанша адам да бататынын реформа жасағыштар біле ме екен?

 

Есқұлова Құралай, ардагер-ұстаз