Қазаққа біткен арулар

Арулар жайлы өлең жазбаған ақын бар ма дүние жаралғалы бері? Алайда Ару мəңгілік тақырып! Ару ол — Ана! Ару ол — жар! Ару ол — қыз!

Арқалы ақын Сабыр Адайдың » Қазаққа біткен арулар» атты жыры өзгеше өрілген екен! Оқып отырып үлкен əсерге қаласың. Неткен телегей теңіз ой десеңізші?!
«Қазақстан Заманы » газеті мен «ЕлАна» сайты Сабыр Адай творчествосымен жете таныс. Оқырмандар ақынның өршіл рухты өлеңдерін ықыласпен оқиды. Оған редакцияға келіп жатқан түрлі хаттар куə. Кеше ғана газетіміз де ақынның қазақ ұлтының ерлігі мен өрлігін дəріптеген «Ер қазақ» атты өлеңі басылды. Іле — шала қазақ аруларына арнаған мына өлеңін жіберіпті. Бұл өлеңде қазақ аруының ар — намысы жайлы тереңнен толғаныпты. Оқырмандардың есінде болса «ЕлАна » сайтында арқалы ақынның «Алтынзер» кітабының тұсауы кесілген болатын. Іздеген жанға кітаптың Эл нұсқасы сайтта тұр. Ал аяулы ақынға редакция атынан шалқар шабыт, зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз!

Қазаққа біткен арулар 

Аққусың әсем көлдегі,
Ақ сәуле күнсің өрдегі.
Арулар – Ұлттың намысы,
Намыссыз ұлттың өлгені.

Елге де пана өзіңсің,
Ерге де пана өзіңсің,
Жүрексің аппақ нұрланған,
Тілексің аппақ, төзімсің.

Анасыз болсаң сол қайғы,
Пайғамбар айтқан ол жайлы.
Ананың таппай көңілін,
Жұмаққа жолың болмайды.

Арманды біздің жалғап ұш,
Арудан өткен бар ма күш.
Қазаққа біткен әрбір қыз-
Жүрекке біткен ар — намыс.

Ұлтыңның қорға намысын,
Атадан қалған ар үшін.
Арулар арын қорғасын,
Баба мен Бала, Жар үшін.

Бір сендік күн мен мына түн,
Өзіңсің ай боп тұратын.
Арудың алтын құрсағы,
Қазақты қазақ қылатын.

Бұзылса ару бақ тайды,
Ұлтыңды дұшпан таптайды.
Қазақ па?!..Қазақ – Ақ Сүт қой,
Ақ сүтін ана сатпайды.

Адасу бар да , жану бар,
Алашқа қандай дәру бар.
Ұлтыңды қорға — АҚ Уыз,
Қазаққа біткен Арулар!..

Батырлар найза салысты,
Жан кешіп жаумен алысты.
Ерлерді жерге қаратып,
Бермесін ару намысты.
Арулар – ұлттың қорғаны!
Арулар – ұлттың қорғаны!

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері: Сабыр АДАЙ