Қасым-Жомарт Тоқаев: исламшылдық қара киім, ұзын сақал емес еңбекқорлық, кеңшілік

Елбасының діни сауатсыздық туралы пікіріне орай Сенат Төрағасы өз пікірін білдірді.

ҚР Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының сөзіне орай «Нағыз исламшылдық бұл қара киім, келте шалбар, ұзын сақал емес, бұл имандылық, білімділік, еңбекқорлық, кеңшілік. Елбасымыз өте дұрыс айтты», — деп жазды Twitter-де. Айта кетсек, бүгін Президент Назарбаев ҚМБД өкілдерімен кездескенде діни сенімнен туатын қоғам түйткілдеріне тоқталып, «Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді», — деген еді.

qamshy.kz