ҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНДА ҚАНДАЙ САУАПТАР БАР?

(Ережеп айында күнә жазылмайды, тек қана сауап жазылады)

Ислам дінінде мүбарак саналатын  Ережеп айы басталды. Алла Тағала қасиетті Құранда он екі айдың ішінде қасиетті үш ай бар деп көрсетеді.

17499011_1868369503419874_8511160057212038443_n

Олар : 1. Ережеп-Алланың айы,

2.Шағбан-Пайғамбарымыздың айы,

3.Рамазан-жалпы мұсылмандардың айы. Мұсылман күнтізбесі бойынша бұл үш қасиетті айлар қатар келеді. Бұл айлар қасиетті болғандықтан бір Аллаға құлшылық жасап,  күналарға кешірім сұрап, ғибадатпен өткізу бұйырылған. Соның ішінде қасиетті ережеп айында ораза ұстау үлкен сауап болады.

Ережеп айын қадірлеу, құрметтеу үшін бұл айда күнә жасаудан тыйылып құлшылық істеумен, ораза ұстаумен, ілім үйренумен өткізуіміз керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Шындығында жәннатта бір өзен бар, оны «Ережеп» деп атайды. Оның суы сүттен-ақ, балдан тәтті. «Кімде-кім Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Алла Тағала ол пендесіне осы өзеннің сүтін ішкізіп, дәмін татқызады»-деген.

Қасиетті Ережеп айында нәпіл намаз оқу туралы шариғатта айтылған. Кімде-кім Ережеп айының бірінші бейсенбісі күні 16-ракат нәпіл намаз оқып, әр ракатында «Фатиха» сүресіне зам сүре етіп «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқыса, егер ол дүниеден өтсе анасынан жаңа туғандай пәк, таза болады. Ал қиямет күні қайта тірілгенде шаһидтермен бірге болады.

Хазіреті Саубан (Оған Алла разы болсын) сахабадан риуаят етіледі: «Бір күні Пайғамбармен бірге кетіп бара жатыр едік бір қабірстанның (мазараттың) жанынан өттік. Сонда Хазіреті  Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мазараттағы жерленген қабірлерге қарап: «Ей, Саубан мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп, Алла Тағалаға дұға жасадым. Егерде бұл адамдар  тіршілігінде қасиетті Ережеп айында бір күн ораза ұстағанда немесе құлшылық еткенде, яғни, осы айда дүниеден өткенде,  онда бұл адамдарға қабір азабы болмас еді»-деген. Сонда мен: «Я Алланың Елшісі қасиетті Ережеп айының бір күн оразасы қабір азабынан құтылуға өтеу бола ма?»-деп сұрадым. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір мұсылман осы айда ең болмағанда бір күн ораза тұтса, күнәларынан кешірім сұрап нәпіл намаз оқыса, не осы айда дүниеден өтсе, Ұлы Алла Тағала ол пенденің амал дәптеріне бір жылдық құлшылықтың сауабын жазады»-деп айтқан.

Құран аяттарына байланысты Ережеп айының қасиеттерін Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері толық ашады. Ережеп айының оразасы басқа уақыттағы нәпіл оразалардың ішіндегі ең сауабы көп ораза болып келеді. Сондықтан  Ережеп айы келгенде оны құлшылықсыз, оразасыз өткізбейік. Оразаны айдың басында, ортасында, аяғында үш күннен тұтуға болады. Шамасы жетсе үш күн, шамасы жетпесе бір күн тұтса да болады. Ережеп айының жиырма жетінші түнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедті(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Алла Тағала  Миғражға көтерді. Алла Тағала өз құрметімен Пайғамбарымызды  аспан әлеміне көтеріп, жаннат, тозақты көрсеткен еді.

Пайғамбарымыздың Миғражға шыққанын Құран аяттарынан оқып-ақ біздерге оған сену парыз. Өйткені, Ұлы Алла Исра сүресінің 1-аятында: «Алла  құлын Мұхаммедті(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бір түні белгілерімізді көрсету үшін Масжид Харамнан Масжид Ақсаға апарған Алла әртүрлі кемшіліктерден пәк. Ол бәрін естіп, көруші»-деген. Ал кәпірлер болса, Пайғамбарымыздың миғражына сенбеді, күмәнмен қарады. Исламда Миғражға сенбегендерді кәпірлерге, имансыздарға жатқызады.

Қасиетті Ережеп айының түнінде 6 рәкат намаз оқығанның күнәсі кешіріледі.

Мұсылмандардың қасиетті түндерінің бірі осы Миғраж түні болады. Қасиетті Ережеп айының бірінші түнін ұйықтамай, тағат, иттағат құлшылықтармен өткізгендер мол сауапқа кенеледі. Бар күнәсінен анасынан жаңадан туғандай тазарады.

Бұл айда жеті күн ораза  ұстағандар  үшін тозақтың жеті есігі жабылады.

17499456_1868502216739936_2591339747380269885_n

Сегіз күн ораза ұстаса, жәннәттың сегіз есігі ашылады. Он күн ораза ұстаса, сұраусыз жәннатқа кіреді.

Он бес күн ораза ұстағандардың бар күнәсін Ұлы Алла Тағала сауапқа айналдырады.

Ережеп айында Пайғамбарымыз Мұхаммедке(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)көп салауат айтқан адамға кәусардың суы беріледі. Бұдан тәтті шырын сусын жоқ. Ережеп айында күнә жазылмайды, тек қана сауап жазылады. Имам Бұхаридің риуаятында «Байтуллаһтың есігі Ережеп айында күнде ашық болады, басқа айларда дүйсенбі, бейсенбі күндері ғана ашылады»-деген екен. Хазіреті  Әбу Бәкір Сыддықтың (Оған Алла разы болсын)  хадисінде: «Ережеп айының жұма кештерінде барлық періштелер осы айда ораза тұтқандардың күнәсін кешір деп дұға жасайды»- делінген. Тағы бір хадистерде Айша (Оған Алла разы болсын) анамыз жеткізген: «Қияметте адамдар есеп майданына шыққанда бәрі де шөлдеген халде тұрады. Тек қана Ережеп, Шағбан, Рамазан айларының оразасын тұтқандар ғана шөлдемейді, аш болса, оларға тағам да беріледі», «Қияметте Жебірейіл Микаил періштелер Ережеп оразасын ұстағандарды сират көпірінен жылдам өткізеді. Ұлы Мұхаррат періштелер өтуге жәрдемдеседі»- делінген.

Ұлы Раббымыз Ережеп пен Шағбан айларын мүбарак етіп, қасиетті Рамазан айына амандықпен жетуімізді нәсіп етсін!

 

Ережеп айы сізге не береді?

gjm6apnnlrl5pkmx-lg

1. Ережепте ораза ұстаған адамның Алла өткен күнәларын кешіреді.

2. Ережептің басында, ортасында, аяғында аузын бекіткен жан, бір ай ораза ұстағандай сауап алады.

3. Ережеп айында біреудің мұқтажын өтеген жанға, Алла тағала Фирдаус жәннатынан сарай тұрғызады.

4. Бұл айда өзгеге сый-құрмет көрсеткен, Алланың сый-құрметіне ие болады.

5. Осы айда бір күн ораза ұстаған жан жәннаттағы балдан тәтті, сүттен ақ Ережеп атты өзеннен сусындайды.

6.Ережепте құлшылық еткен жан, қабір азабынан құтылады.

7. Ережептің алғашқы түнінде дұғалар сөзсіз қабыл болады.

8. Бұл айда істелген сауап пен күнә 70 есе өседі.

9. Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықыласты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді.

10. Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады.

11. Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен ақырет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады.

12. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар.

13. Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады.

14. Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі.

15. Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күнәларын кешіреді де жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ал, егер оразасын келесі күндері жалғастыратын болса, сауабын одан әрі арттыра түседі.
Ережеп айы кіргенде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллам! Ережеп пен Шағбанның берекесін беріп, Рамазан айына қауыштыра гөр!»,-деп дұға жасайтын.