Қашайын десе қадірің…

Қашайын десе қадірің, %d0%b4%d0%b0%d2%a3%d2%93%d1%8b%d0%bb-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d2%9b
Қыюың кете бастайды.
Іздеп келіп ағайын,
Есігіңді ашпайды.
Той-жиынға шақырмай,
Елеусіз етіп тастайды.
Атың арып, тон тозып,
Аузыңнан қолың аспайды.
Туыстар тудан айырып,
Өсекпен өртеп, ластайды.
Ақымақ болса, өз балаң,
Құлатып тақтан аластайды.
Шөміштеп аброй төгілер,
Қасықтап жиған жастайғы.
Меселің қайтып, именіп,
Мойныңа мінер қас-қайғы.
Дүбәраның қамшысы,
Шықпыртып сені жасқайды.
Қалтаңның түбі тесілсе,
Тарыла түсер қасқа айдын.
Тиылар сапар, жүрісің,
Қарғы адым жерден аспайды.
Бар болса малың, байлығың,
Қобалжып көңлің саспайды.
Ақылың тұрса басыңда,
Беделіңді растайды.
Қолыңнан кетсе қу дүние,
Сөреден сөзің аспайды.
Иманды болса ұрпағың,
Ұятыңды шашпайды.
Құдіреті күшті Құдайым,
Нені де болса шақтайды!..

©Даңғыл Жайнақ