Қарттар үйіндегі қарт монологы

А, Құдайым, бала бердің қуандым,
Қуанғаннан шүкір айтып жыладым.
Перзент бақтым адам болар екен деп,
Адам емес айуан болдың шырағым.
Кімге барып мұң — зарымды айтармын,
Қай күнәма жаза алдым айтар кім ?!.
Кісі ақысын жемеп едім пенде боп,
Қиянатқа жасамап ем қайтарым.
Жалғыз ұлым үмітімді сөндірген,
Көз жасымнан етек жеңім көлденген.
Мұңда әкеп тастағанша құлыным,
Өз қолыңмен жөн еді ғой өлтірсең.
Менің қандай екенімді ел білген,
Сені бір күн түзелер деп сендіргем.
Өгей ана өксітпесе екен деп,
Жалғыздықты сабырыма жеңдіргем.
Несіне мен перзент бер деп жыладым,
Несіне мен амандығын сұрадым.
Ақыр соңы өз үйіме сыймай қап,
Қарттар үйін мекен еттім тұрағын.

Туранбаи Уразымбетов