ҚАРА ШАҢЫРАҚТЫҢ ИЕСІ……..

Бүгін он жетінші наурыз Шаңырақ күні. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, босағаларыңыз берік болсын ағайын. Іші жанға ,сырты малға толсын.
Шежірені сонау Нұх пайғамбардан тарататын болсақ, ол кісінің Хам, Сам, Яфас атты үш ұлы болғаны белгілі. Хамнан қара нәсілділер. Самнам еврейлер мен арабтар. Яфастан қалған адамзаттың барлығы тарайтынын білгеніміз жөн.
Абыз, ақсақалдардың айтуыншы Нұх пайғамбардың қара шаңырағының иесі кенже ұлы Яфас. Яфастың қара шаңырағының иесі түркі. Түркінің қара шаңырағының иесі қазақ халқы.
Бүгінгі қазақ даласы адамзаттың қара шаңырағы болып саналатындығы да сондықтан.
Қара шаңырақтың киесін атам қазақ бұрыннан жақсы білген. Қара шаңырақ, Жаратқанмен тікелей байланыс. Қазіргі тілмен айтқанда, байланысқа шығатын вай-фай ұстайтын жер.
Атам қазақ ас берсе де, ата-бабасына құран хатым түсірсе де, құдайы тамақ таратса да, қара шаңырақтан береді. Жаңа түскен келіннің басына ақ орамал жауып, отқа май тамыздырып ырымдап қара шаңыраққа түсіреді.
Себебі, бата-тілегімді құдіреті күшті құдай, әулетімнің бастауы болған, қара шаңырағымнан қабыл ет деген ниетпен болар.
Бүгінде байыппен байқасаңыздар сайын даламыздың төсін, арқасына ала дорбасын арқалаған адамзаттың баласы нәсіліне қарамай, турист болып кезіп жүр.
Неге? Себебі олар ішкі түйсігімен сезеді, Жаратқанның нұрына, қара шаңырақта ғана армансыз шомылатынына. Арман тілегін айтса, бата-дұғасының риясыз қабыл болатынына.
Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын ағайын. Киелі шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін……
МАҚСАТ СҚАҚОВ.