Қарағандыда «Қарашада өмір тұр» атты арқа қаламгерлері мен өнерпаздарының қатысуымен поэзия кеші өтті

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде Республика күні мерекесінің аясында «Қарашада өмір тұр» атты арқа қаламгерлері мен өнерпаздарының қатысуымен поэзия кеші өтті.
Поэзия кешін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы құттықтау сөзімен ашып берді.
Жыр кешін парасатты поэзиямен бастап берген ардақты ағамыз Алаштың айбоз ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы рухты жырын төксе, Қарағанды әдебиетінің тоқсаныншы жылдардағы алтын-көпірі және сол буынның өкілдері, арқаның ақтаңгер ақындары Қойлыбай Асан, Руслан Нұрбай, Серік Сағынтай, Қайрат Асқар және т.б. шайырлар өз өлендерің оқып, жалғастырды.

Ақындар жырдан шашу шашқанда сахна рухтанып, жұртшылық ықылас пен қошемет көрсетті.
Поэзия кешіне — Ару шаhар Алматыдан арнайы келген қадірлі қонағымыз Қазақстан жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек бір мүшелікке өткен бір топ қарағандылық ақындарға Жазушылар Одағының куәлігін тапсырды.

Арқалы ақын Ақберенде қасиетті сахнада тұрып өзіде көрерменнің сұрауы бойынша жүрегінен шыққан жырларын оқыды.
Іс-шараны әсем әнмен сүйемелдеген республикаға танымал әншілеріміз Сейіл Аяған, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов, Саян Бөдес кешті бір көтеріп тастады.
Ұлттық идеология, ұлттық болмыс, ұлт кодының негізгі күретамыры – әдебиет пен мәдениет екені анық.
Арқа өңірінде жыл басынан «Қарағанды қара өлең», «Қарағанды қоңыр күз» атты поэзия кештері кештері және үлкен сауда орталықтарында «Лирика сағаты» өтті.
Енді келер жылыда ақын-қаламгерлермен бірлесіп поэзия кештерін өткізу жоспарлауда.
Аталған іс-шаралар Қарағанды өңірін руханияттын орталығы екенінің бір дәлелі.

Жомарт Шаймұрат