Қарағанды қаласы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттары табысталды

2022 жылғы 11 тамыз күні Қарағанды қаласы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Жоба бизнес жобаларды ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау арқылы жастардың жаппай жұмыспен қамтылуын ынталандыруға бағытталған.
Байқау Қарағанды қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Конкурсқа қатысушылардан барлығы 110 өтінім келіп түсті. Бір бизнес – жобаға грант сомасы 1 500 000 теңгеден кем емес мөлшерде анықталды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, бизнес – құрылымдардың өкілдері, депутаттар мен қоғам белсенділері кірді.

Байқау аясында комиссия шешімімен 10 жеңімпаз анықталды:
1.Пак Виктория Олеговна-QUMO by AVISHU – өмір мен жұмысқа арналған спорттық киімнің жаңа форматын шығару
2.Санаубаев Болат Серікұлы – фитнес клубының ашылуы
3.Байқоңова Даурия Бейбітқызы – «Podonail.krg» — кеңейту

4.Қадылбекова Халида Мұратжанқызы – Trimble R10 GPS құрылғысының көмегімен Геодезиялық жұмыстар
5.Қайнарбек Абылай – металл – керамикалық протездер жасау
6.Асқаров Тоқтар Ғабдоллаұлы – Термопанель
7.Маханов мақсат Сайранович – тандыр Ифтар & Co-Co гриль
8.Маханбетов Ерсұлтан Еркебайұлы-ұлттық өнер мектебі –
9.Серікбай Арайлым Талғатқызы – вермикультура әдісімен биогумус алу бойынша модельдік учаске құру және жастар үшін тәжірибе тарату
10.Инкарбаева Перизат Мейрамовна – «Роботрек» екінші сандық технологиялар орталығының ашылуы.

Жомарт Шаймұратұлы