Қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Кеше, яғни 13 наурыз күні кешке таман басталған қар ұзағынан жауып, тобықтан асты.
Бүгін Жаңатас қаласындағы орталық көшелер, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар, аялдамалардың алды қардан тазартылып жатыр.
Жаңатас қаласындағы қар тазалау жұмыстарына 52 қоғамдық жұмысшылар мен 3 техника тартылған.
Сондай-ақ, қаладағы әрбір мекеме өз мекемелерінің алдын, тұрғындар өз аулалары мен қораларын қардан тазартуда.
Бұл жұмыстар ауылдық елді мекендерде де жүргізілуде.
Көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары одан әрі жүргізіле беретін болады.