ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Бүгін аудан әкімдігінде 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай мерекелік қабылдау өтті.
Жеке құрам қатысқан жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков:
– Адам өмірінде төтенше жағдайлар күнделікті болып жататындықтан оның алдын ала білу қиын. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келген жанның қолынан келе бермейді. Оған білім, біліктілік пен тәжірибе керек. Сондықтан, сала ардагерлері мен барша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, отбасына амандық, дендеріне саулық тілеймін, — деп
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Құрмет Имашты, радиооператор Жәнібек Тәжібаевті, өрт сөндіру жасақшысы Жәнібек Басқанбаевты, қарауыл бастығы Нұрәіл Қоңырбаевты, өрт сөндірушілер Марат Жұмағұловты және Маратжан Абдихановты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Ал, №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирлері Аят Ташибаев, Жандос Майлиев, қарауыл бастықтары Төлеген Баймұханов пен Дулат Байғараев «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарына ие болды. Оларды партия аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков арнайы құттықтап, кәсіби мерекеге орай жылы лебізін білдірді.