Құрлыс саласы елорда экономикасының драивері

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифинг болып өтті. Біз оқырман қауымға бас қаланың жан-жақтылы дамуы туралы баяндап шыққан әкімнің сөзінен үзінділер бере кетуді жөн көрдік.
-«Әлеуметтік-экономикалық бағыттарда оң серпін байқалады. Қала экономикасы өсіп келеді. Жалпы өңірлік өнім 4,1 пайызға өсіп, 4 триллион 753 миллиярд теңгені құрады. Инвестиция көлемі 4,7 пайызға өсіп, шамамен 1,3 триллион теңгені құрады. Бұл көрсеткішті жылдың соңына дейін 1,6 триллион теңге болаыд деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субьектілері 14,6 пайызға өсіп, 230 мыңнан асты. Бөлшек тауар айналымының көлемі 9,4 пайызға өсіп, шамамен 2,2 триллион теңгені құрады.
Құрлыс жұмыстарының көлемі 4,9 пайзыға өсті. Құрлыс саласы елорда экономикасының негізгі драивері болып табылады. 10-ші желтоқсандағы есеп бойынша 3,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Осы жылы жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша азаматтардың әртүрлі санаттары үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық. Оның ішінде жетім балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, сонымен бірге жұмыс істейтін жастар бар. Қазір құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келесі жылы қаңтар айының басында кезекте тұрған азаматтар осы үйлерді алады деп жоспарлап отырмыз»,- деді қала басшысы.