Құнанбайдың Абайға аққан үш міні

Құнанбайдың Абайға таққан үш түрлі міні мынау:
«Ең әуелі — сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды.

Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес.

Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың», — депті.

Оған Абайдың жауабы:
«Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін…

Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын» депті…

Авторы Шабден Нұрғалиұлының фб парақшасынан