Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша…

Жуырда Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен болатын. Жиында жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету, жалпы білім беру мекемелерінде оқып жатқан оқушылармен бірге қылмыстың, құқық бұзушылық пен қабілетсіздіктің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Амангелді Халмұрадовтың мәліметі бойынша, 2016 жылдың 9 айы ішінде облыстық көлік жолдарында 196 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оқиға әсерінен 48 адам қаза тауып, 241 адам жарақат алды.

— Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінгі таңдағы көлік жолында болған өлімнің көбісі жол-көлік оқиғасының келесі екі түрінен орын алып отыр. Біріншісі — көліктің аударылуы себебінен 19 адам қаза тапты немесе жалпы қаза тапқандар санының 39,6%-ын құрайды. Екіншісі — жаяу жүргіншіні басып кету салдарынан 10 адам қаза тауып отыр немесе 20,8%ды құрайды. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бірінші жағдай бойынша жолкөлік оқиғасында қаза тапқандар саны 9,5%ға, ал екінші жағдай бойынша 30%-ға азайды. Биылдан бастап 49 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 10 бала қаза тауып, 47 бала әртүрлі дене жарақаттарын алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 23,4%-ға, жарақат алған балалар саны 25,4%ға азайды. Алайда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан балалар саны 11,1%-ға артып отыр, — деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Амангелді Халмұрадов.

Жергілікті полиция қызметінің облыс аумағындағы көлік жолы қауіпсіздігіне арналған жедел алдын алу шаралары бойынша 89 011 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол-көлік қозғалысының ереже
лерін өрескел бұзушылардың саны 55,1%-ға артты (2015 ж. — 53,6 %). Әкімшілік істердің нәтижесінде, 81 мың 530 қаулы шығып, 592 млн. 859 мың 139 теңге көлемінде айыппұл салынған. Соның ішінде 381 млн. 057 мың 007 теңгесі төленді. Облыстағы жалпы білім беретін мекемелерінде оқып жатқан оқушылармен қылмыстың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, құқықбұзушылық пен қабілетсіздікті, қылмысты ескерту мәселелері бойынша Маңғыстау облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мамаева сөз сөйледі. Ведомствоаралық комиссия отырысының нәтижесі бойынша Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде, жол патрульдік полиция бөлімшелерінің нақты бағытталған жұмыстарын: жол-көлік апатына әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерін бұзған оқиғаларды себебі мен болған орнын есепке ала отырып ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді, көлік қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді, соның ішінде, жасанды жарықтандыру үлгісінің талаптарына сәйкес көше-жол желілерін жабдықтауды, қоршауды, жол таңбалары мен белгілерін қоюды, қозғалыс жылдамдығын жасанды шектейтін жүйені енгізуді, сондай-ақ, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысына әкімшілік құқық бұзушылық деректерімен ақпараттандырған тұрғындарды марапаттауды, тұрғындар арасында құқық бұзушылыққа деген «нөлдік шыдамдылық» қағиданы ұстануды енгізуді және дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Аталмыш жұмыстарға азаматтық ұйым мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жұмылдыру қажет.

Асел Канширова,

Маңғыстау облысы әкімінің

баспасөз қызметінің бас инспекторы