Ғалымдар әлеуметтік желінің адамға әсерін анықтады

Америкадағы Канзасс университетінің ғалымдары интернет не болмаса әлеуметтік желілер адамдар арасындағы қарыс-қатынасты бұза алмайды және оны туған-туыс, достарынан алыстатпайды деген қорытынды жасады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Олардың осы мәселені зерттеген материалы Information, Communication & Society ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдар екі сараптама жүргізді. Біріншісі, олар жастардың 2009 және 2011 жылдардағы жасаған іс-қимылдарына қатысты деректерін талдады. Сөйтсе, әлеуметтік желі қаншалықты дамыса да, ол адамдар арасындағы тірідей қарым-қатынастың уақытына еш әсер етпепті.

Екінші сараптама 2015 жылы жасалды. Оған 116 адам іріктелді. Оның жартысы – студенттер, қалғаны – университет түлектері. Олардан үнемі күнделікті қарым-қатынас пен желілерді қолдану туралы ақпарат алынып отырды. Нәтижесінде, бұл кезде де интернет адамдардың тірідей қарым-қатынасына ықпалын тигізе алмағаны белгілі болды.

https://baq.kz/kk/news/kogam/galimdar_aleumetti_zhelinin_adamga_aserin_aniktadi20180219_093600