«Əйел отыр…»

Үнсіз қарап сырт-сырт еткен жаңбырға.
Əйел отыр терезенің алдында.
Аспанменен жаны бірге жылайды ,
Неге олай? Кім кінəлі, тағдыр ма?!
Əйел отыр, əжептеуір əдемі.
Талайлардың болған шығар əлегі.
Бауырларды оқыттым ғой-дейді ме,
… Адам өзің ойламай ма əуелі !!!
Əйел отыр… Қолында бар темекі.
Боқ ауыз сөз айтып қалад(ы) бір-екі.
Бұрындары нəзік еді жібектей,
Неге екені болып барад(ы) дөрекі.
Күннен күнге көбеюде əттеңі.
Қайда ұшқан таңғажайып сəттері.?!
Жөндеу көрмей өңі қашып кетіпті,
Несиеге алған «Хрущёвка» пəтері.
Əйел отыр терезеге телміріп.
Сəл шалқайып жүруші еді керіліп.
Бүгін мүлде қозғалуға зауқы жоқ,
Суып кеткен асын жеуге ерініп.
Көзіне жас, жүрекке мұң ұялап.
Бұрынғыдай гүлдемей жүр қиял бақ.
Пыр-пыр етіп мысық жатыр ұйқыда,
Күндегіндей мазалау жоқ мияулап.
Тұрмыс құр-деп айтпапты жанашырлар!
Кеш емес қой , көріңдер жақ ашып ал.
Əйел отыр, мүсіркеп қажеті жоқ,
Жас амес пе, əлі де бағы ашылар…
Жалғыз отыр, жақсы əйел, бауырмал.
Қайда бүгін достары мен бауырлар.???
Жаратушы бəрін жұп қып жаратқан,
Көп кешікпей өз жартыңды тауып ал!
Маусым айы.. Далада көп жалбыз, мүк.
Əйел отыр жаның мұңға малғызып.
Енді ғана түсінгендей күй кешті,
(Оған мүлде ұнамайды ЖАЛҒЫЗДЫҚ…)

✏Жұлдыз Сүлейменова.
#поэзия#Лирика