ЖҰМЫСТАР ҮЗДІКСІЗ АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР
Мәселесіз ауыл жоқ. Қай елді мекенге бармаңыз, өзіне жараса проблемалары бар.
Міне, сол проблемаларды халықпен диалог орнату арқылы шешкісі келген Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков тұрғындармен кездесу өткізуде.
Кезекті жиын Ақкөл, Тамды, Көктал ауылдарында жалғасты.
Аталған ауылдарда тұрғындарымен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өз кезегінде ауылдың тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді.
Соның ішінде білім саласына қатысты да мәселелер ортаға салынды.
Елімізде қазіргі уақытта білім саласын дамыту бірінші кезекке қойылды.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та білім саласына жаңа көзқарас, жаңаша бағыт беріп, оқыту мазмұнын өзгерту, жаңарту уақыты келгендігін әрдайым айтып жүр.
Сол талап үдесінен шығуға аудандағы әр білім ошақтарының дайын болуы керек. Осы мақсатта жұмыстар үздіксіз атқарылып жатыр.
Басшылық білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда.
Білім саласын өркендету мақсатында Талас ауданының білім саласындағы кейбір мәселелерге көп көңіл бөлінуде.
Міне, осындай көңіл бөлу бүгінгі аудан әкімінің ауылдықтармен кездесуінде де айқын көрініс тапты.
Атап айтар болсақ: Ақкөл ауылында Ақкөл орта мектебінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етуді сұраса, Тамды ауылында Қ.Қойгелді орта мектебі спорт залының сүріліп қайта жаңа спорт зал салу мәселелерін көтерді.
Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Алдағы уақытта біз де осы айтылған сұраныстар бойынша жұмысты барынша атқаратын боламыз.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы