Ақпарат 🔰Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. 30.11.2023 Елана Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй, жер, жұмыс сынды бір қатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін нақты тапсырмалар жүктеді. Жуалы ауданы әкімдігі