ЖЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ТИІС
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың @saparbayev_bm Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысудан басталды.


– Қазір арқаны кеңге салып жүретін уақыт емес. Жағдайды өздеріңіз де көріп отырсыздар. Ылғалдың түсуі өте төмен. Жауын-шашын жаумады десек те болады.

Сол себепті қазірден қам жасап, барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек. Ұңғымалар қазып, жерасты суын игеріп, жаңбырлатып және тамшылатып суғару технологияларын көптеп енгізу қажет. Егер аудандағы 192 ұңғыма тазаланып, аршылса, мыңдаған гектарды суғаруға болады.
Кейін сан соғып қалмас үшін, қазірден осы жұмыстарды қызу атқару керек,-деді Бердібек Сапарбаев.
Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында
